top of page

Қазалы аудандық білім бөлімі  бойынша 2018 жылдың  12 айында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

Ауданда  бүгінгі күнге мектепке дейінгі ұйымдар желісі 51-ге жетіп,  30 балабақша мен 21 шағын орталықтарда  4893 бала тәрбиеленуде. 

Мемлекеттік бағдарламада көрсетілген 3 пен 6 жастағы балалардың балабақшамен  100 пайыз қамту нысаналы индикаторы    орындалып келеді.

1 мен 6 жас аралығындағы балалардың 60,2 %, 1 мен 3 жас аралығында балалардың  11,7 % қамтылған.

Заманауи мектепке дейінгі білім беруде жоғары талаптар тәрбиешілердің кәсіби шеберлігіне, мәдениетіне, шығармашылық әлеуетіне ғана қойылмайды, сонымен қатар кәсіби ұстанымды  іске асыру үшін кең мүмкіндіктер береді.

Аудандағы 51 мектепке дейінгі ұйымдарда 456 педагог қызмет атқарады.Оның 164-і жоғары және арнаулы орта мектепке дейінгі тәрбие мамандығы бар. Бұл барлық педагогтың 36 пайызын құрайды. Жекеменшік балабақша мамандарының сапалық құрамы мемлекеттік ұйымдардан қарағанда әлдеқайда төмен.

Мемлекеттік бағдарламада  «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша жоғары және техникалық-кәсіптік білімі бар мектепке дейінгі ұйымдардың педагог кадрларының үлесін 2019 жылға-50% жеткізу көзделген.

Осыған орай, алдағы уақытта мемлекеттік және жекеменшік балабақша меңгерушілері  мемлекеттік бағдарламада белгіленген кадр сапасы көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етуді  басты назарда  ұстауы тиіс.

Одан кейінгі маңызды жұмыстың бірі - балаларды балабақшаға қабылдауды электронды түрде жүргізу.

Бүгінгі күнге аудан бойынша балабақшалардың барлығын автоматтандыру жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа оқу жылынан бастап балаларды қабылдау осы жүйе бойынша жүргізілетін болады.

 

Жалпы орта білім

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жаңартылған білім мазмұнына көшу жағдайында жас ұрпаққа білім беру ісінде оның жеке даралық ерекшеліктеріне көбірек мән бере отырып, оқушылардың мектепте алған білімдері олардың бүкіл өмірлік азығы болатындай етіп білім беру, оны өмірге дайындау, мамандық таңдауға бағыттау мәселесі бүгінгі жаңа қоғамның білім саласындағы ауқымды мәселелерінің бірі болып табылады.

 

2017-2018 оқу жылында Қазалы ауданының білім бөліміне қарасты 37 білім беру ұйымы жұмыс жасады, 33 орта, 3 негізгі және 1 кешкі мектеп. Оның ішінде 3-і шағын жинақты мектеп. 35 мектеп қазақ тілінде, 2 мектеп аралас тілде оқытылады. 37 мекеменің 36-і типтік жобадағы ғимаратта, 1-і ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. Барлық оқушы саны – 14564 оқушы.

Әйтеке би кентінде оқушы орнының тапшылығын жою бағытында                  құны 883 млн теңге тұратын 300 орындық жаңа мектеп ғимараты салынды. Биылғы жаңа оқу жылы аясында №276 орта мектеп болып пайдалануға беріледі.

Жалпы орта білім берудің негізгі мақсаты-бұл білімді, шығармашылық, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру және дамыту, динамикалық ортада өмір сүруге қабілетті, өз мүддесіне және қоғамның мүддесінде өзін-өзі дайындайтын тұлға тәрбиелеу болып табылады.

Жаңа 2018-2019 оқу жылында НЗМ тәжірибесі бойынша  жаңартылған білім беру мазмұнына 3,6,8 сыныптар көшетіні белгілі. Бұған байланысты барлық қажетті оқулықтар мәселесі шешілді. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 145 млн 83 мың теңге қаржы бөлінді.

 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 55 бабына сәйкес, 2017-2018 оқу жылында «Оқу жетістіктерін сырттай бағалау» сынамасына 6 мектептен (№170,103,104,93,90,78) 9 сыныптан 107 оқушы, 4 сыныптан 179 оқушы, 11 сыныптан 76 оқушы, барлығы 362 оқушы қатысты. 9 сыныптың оқушылары 8 пәннен сынама тапсырып орташа балы 35,7 балл болды. 4 сыныптың оқушылары 2 пәннен сынама тапсырып орташа балы 17,6 балл болды. 11 сыныптың оқушылары 3 пәннен сынама тапсырып орташа балы 60,08 балл болды.

ПИЗА халықаралық зерттеуге 2015 жылы 3 мектеп (№16,266,170), 2018 жылы 6 мектеп (№225,25,94,165,266,249) қатысты.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығы бойынша мектептерде бес пәннен мемлекеттік емтиханды қамтыған қорытынды аттестаттау өткізілді. 799 түлек қорытынды аттестауға қатысып, орта білім туралы аттестат алды. Қорытынды аттестаттау нәтижесінде  «Алтын белгі» белгісіне 41 үміткердің 39-ы өз белгілерін қорғап шықты.

Өткен оқу жылында  799 оқушы 11 сыныпты бітіріп, 555 оқушы (539 оқушы қазақ 16 оқушы орыс) ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Қатысу пайызы 69,5.      

Ұлттық бірыңғай тестілеуге №25, 96 мектептер оқушыларын 100 пайыз қатыстырса, №249, 226 мектептер оқушыларын 90 пайыздан жоғары қатыстырды. Ал оқушыларын 50 пайыздан төмен №24, 182, 97, 134 мектептер қатыстырды.

Ұлттық бірыңғай тестілеу 22 маусым күні бір кезеңде №249 мектеп-лицейде өткізілді.

Аудан бойынша 33 орта мектептен 555 оқушы қатысып, мектептердің орташа балы 82,7 балды құрады.

ҰБТ - ға қатысқан 555 оқушының 14 – сі жоғары оқу орнына шығармашылық емтихан тапсырамын деп ҰБТ кезінде тек ғана екі пәннен тапсырды.

Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша 16 оқушы (2,9%) шекті балдан төмен жинаса, 40 оқушы (7,2%) бірнеше пәндерден төмен балл жинап отыр. (өткен 2017 жылмен салыстырғанда 53 оқушыға кеміді)

№91, 165, 90, 102, 249, 17, 226, 216, 190, 24 мектептер орташа балдарымен жоғары 10 мектептің қатарында болса, №96, 88, 98, 78, 182, 95, 204, 92, 100, 134 мектептер орташа балдарымен төмен 10 мектептің қатарында болып отыр. Оның ішінде №98, 92, 100, 134 мектептер 2017 жылғы ҰБТ да көрсеткен төменгі көрсеткішті қайталап, төменгі 10 мектептің қатарында болып отыр. 2016 жылы №17, 100, 103, 93, 216, 134, 234, 78, 204, 98 мектептер орташа балдарымен төмен 10 мектептің қатарында болып отыр.

2017 жылы №170, 238, 266, 24, 100, 78, 234, 134, 98, 92  мектептер орташа балдарымен төмен 10 мектептің қатарында болып отыр.

ҰБТ қорытындысымен 50-ден төмен шекті балдан өте алмай тұрған 16 оқушы бар. (Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 5 оқушыға көбейіп тұр)

Мектептер бойынша:

№№226, 70, 25, 104, 234, 16, 170, 266, 182, 95, 100, 134 мектептерден - 1 оқушыдан, 

№№249, 204 мектептерден - 2 оқушыдан

50-70 балл аралығында-145 оқушы (26,1%), 71-99 балл аралығында  271 оқушы (48,8%), 100 және 100 ден жоғары 27 мектептен 106 оқушы (19,1%) бар. (2017 жылы 120 оқушы)

Ең жоғары 135 балды №249 мектеп - лицейдің оқушысы Рат Еркін Қазбекұлы жинаса, ең төменгі 36 балды №234 мектептің оқушысы Абілғазы Алиқан Абілғазыұлы жинап отыр.

№249 мектеп-лицейдің 2 (екі) оқушысы Ахмет Нұрбек Қуанышбекұлы және Шайықислам Әсия Нұрдәулетқызы математика пәні бойынша жоғары 40 балды жинады. Пән мұғалімі Берінбаев Ғани.

№249 мектеп-лицейдің 1 (бір) оқушысы Рат Еркін Қазбекұлы география пәні бойынша жоғары 40 балды жинады. Пән мұғалімі Мәліков Қуаныш.

Қазақстан тарихы мен математикалық сауаттылығы бойынша жоғары 20 балды №226 мектеп-гимназияның оқушысы Едіге Нұрислам Әміржанұлы жинады.

Математикалық сауаттылығы бойынша 6 оқушы жоғары 20 балды жинады. №249 мектеп-лицейден – 3 оқушы, №226 мектептен – 1 оқушы, №216 мектептен – 1 оқушы, №94 мектептен – 1 оқушы.

Оқу сауаттылығы бойынша 17 оқушы жоғары 20 балды жинады. №249 мектеп-лицейден-2 оқушы, №165 мектептен-1 оқушы, №216 мектептен- 2 оқушы, №226 мектептен-1 оқушы, №104 мектептен-1, №24 мектептен-2, №170 мектептен-1, №25 мектептен-1, №93 мектептен-1, №70 мектептен-1, №90 мектептен-1, №134 мектептен-1, №266 мектептен-1, №92 мектептен-1 оқушы.

Мектеп бітіруші 799 оқушының қазіргі таңда 357-і мемлекеттік тапсырыс негізінде грант иегері атанды. Оның ішінде 3 оқушы Ресей мемлекетіндегі Тимирязев атындағы аграрлық техникалық университетіне, 12 оқушы Қызылорда облысы әкімінің грантымен, 6 оқушы ректор грантарымен, 173 оқушы «Серпін – 2050» бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарына оқуға түсіп, өткен оқу жылымен салыстырғанда грант иегерлер саны 31 оқушыға артып отыр.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыспаған 244 оқушының 1 оқушысы Б.Бишеналиева атындағы Қырғыз мемлекеттік мәдениет және өнер университетіне грант негізінде оқуға түсті. Қалған оқушылар жоғары оқу орындарына ақылы негізде және арнаулы оқу орындарына грант негізінде түсіп жатыр.Барлық оқушылар 100 пайыз оқумен қамтылды.

Оқушылардың дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және тұлғалық қасиетіне байланысты екені анық. Дарын-бұл табиғаттың берген сыйы болса, оқушы бойындағы жылт еткен сәулені сөндіріп алмай, әрі қарай шыңдау- ұстаздың кәсіби біліктілігіне байланысты. «Дарынды оқушы-ұлт болашағы» десек, әр мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Аудандық білім бөлімінде оқушылардың ой-өрісін зерттеу, шыңдау мақсатында жыл сайын Республикалық  пәндер олимпиадасының аудандық кезеңі ұйымдастырылады.

2017- 2018 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 сынып оқушылары арасында аудандық пән олимпиадасы 13 пән бойынша өткізілді. Ауданның 33 орта 3 негізгі мектептерінен қатысуға тиісті 848 оқушыдан 837 оқушы қатысты.

Жалпы аудан бойынша І орынды-30, II орынды-113, III орынды-159 оқушы иеленді. Барлығы- 302 оқушы жүлдегер атанды.

Олимпиада қорытындысымен облыстық олимпиаданың іріктеу турына 9,10,11 сыныптардан 9 пәннен І-ші орын алған 14 оқушы ұсынылды.

Облыстық олимпиада қорытындысымен Қазалы ауданынан барлығы 12 оқушы жүлделі орындарға ие болып, облыс бойынша аудандардың арасында орын санымен жоғары деңгейге, пайыз көрсекішімен 86% І орынға және облыс бойынша қатысқан 256 оқушының арасынан №266 мектеп-лицейдің оқушысы Розметов Алишер Сапарбайұлы «Олимпиада жұлдызы-2018» номинациясына ие болды.

Олимпиаданың Республикалық кезеңіне барлығы 3 оқушы қытысып 2 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

Ұлт жоспарының 79-қадамына орай   пәндерді ағылшын тілінде  оқытуға кезең-кезеңмен көшуге, 2018-2019, 2019-2020 оқу жылдарында  физика, химия, биология, информатика пәндерінен 9 (10-11) сынып оқушылары үшін ағылшын тілінде оқытылатындығына орай  жаратылыстану бағыты пәндерінің 51 мұғалімі  ағылшын тілін меңгеруіне орай біліктілік курсынан өтіп,26 мұғалім министрлік бекіткен кестесі  бойынша  осы оқу жылының бірінші жартысында курстарын аяқтайды. /Оның 21 ағылшын тілі пәні мұғалімдері/  Қалғаны (51) химия, биология, физика және информатика пәндерінің мұғалімдері. 51 мұғалімнің 30-ы 2018-2019 оқу жылынан бастап сабақ беретін пәннен ағылшын тілінде білім беруге дайындық үстінде.

 

Әдістемелік жұмыс және педагог кадрлардың біліктілігін арттыру

Қазіргі уақытта аудан мектептерінде 2336 мұғалім қызмет атқарады.Олардың жоғары білімдісі-2126, арнаулы орта білімдісі-210. Жоғары санатты-135, (5,7%), І санатты–641 (27,4%), ІІ санатты - 916 (39,2%), Cанатсыз-644 (27,5%).

Жоғары, І санатты мұғалімдердің үлесі-аудан бойынша 33,2 пайызды құрайды.

Еліміздің білім беру саясатындағы көкейкесті мәселелердің бірі- мұғалімдердің біліктіліктерін жүйелі арттыру болып табылады. Біліктілікті арттыру курстары арқылы мұғалімдерді оқытуда оқытушы жетекшілік, бағыт берушілік, ұйымдастырушылық, түзетушілік әрекеттерді атқарады. Оқытушының осындай әрекетіне білім алушы мұғалімнің өзі де бойындағы бар білімін көрсете  байланыс жасағанда ғана сапалы нәтижеге жетуге болады.

2018 жылы қаңтар айынан бастап   НЗМ ДББҰ ПШО-ның жоспарына сәйкес, 1 мектеп   директоры, 10 мектеп  директорының орынбасарлары 3 айлық деңгейлік бағдарлама бойынша  біліктілік  арттырса, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша пәндерден 250 мұғалім, робототехника бойынша 10 мұғалім курстан өтті.

 

Ұлт жоспарының 79-қадамына орай   пәндерді ағылшын тілінде  оқытуға кезең-кезеңмен көшуге, 2018-2019, 2019-2020 оқу жылдарында  физика, химия, биология, информатика пәндері 10-11 сынып оқушылары үшін ағылшын тілінде оқытылатындығына орай  жаратылыстану бағыты пәндернің 77 мұғалімі  ағылшын тілін меңгеруіне орай біліктілік курсына жіберілді. /Оның 21 ағылшын тілі пәні мұғалімдері/  Осы мұғалімдернің 2-і  В2 деңгейін аяқтады.   28-і   А2,В1 деңгейін  маусым айында бітірді. Қалғандары білім министрлігінің кестесі  бойынша одан әрі жалғастыратын болады.    Өрлеу» БАҰО АҚ  Қызылорда филиалында  мектепке дейінгі, жалпы орта білім беретін  99 мұғалім қысқа мерзімді біліктілік курсынан өтті.  Маусым-тамыз айлары аралығында 451 мұғалім курстан өтті. 1,2,3,5,6,7,8 кластарға сабақ беретін пәндер бойынша  мұғалімдердің 90 пайызға жуығы қамтылды. «Оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау» интерактивті электронды курсына 1 млн. 500 мың тенге қаражат бөлініп, ауданнан 500 мұғалім оқытылды.

Аудандық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау, жүзеге асыру, педагог кадрлардың әдістемелік шеберлігі,  кәсіби іскерлігі мен шығармашылығын дамыту мақсатында 25 семинар,  1 педагогикалық оқу,  1 конференция,1 дебат, 2 кеш, 15 танымдық шара, 31 түрлі мазмұндағы байқаулар мен 2 аудандық, 4 облыстық спартакиада өткізілді.

Қазақстан Республикасы Президенті «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін бірқатар міндеттерді орындау қажеттігін атап өтті. Соның бірі  педагогтердің мәртебесін көтеру,  біліктілік деңгейін ескертетін жаңа санаттар кестесі енгізу, педагог кадрларды аттестаттаудың жаңа жүйесіне көшіру. Жаңа жүйенің басты мақсаты ұстаздардң жалақысын 20-50 пайызға дейін көтеру болып табылады.

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы «12» cәуірдегі №152 бұйрығына сәйкес, деректер базасына 26 мамыр мен 5 маусым күндері аралығында ауданнан барлығы ұлттық біліктілік тестілеу тапсыруға 427 мұғалім өз өтініштерін білдірді. Оның ішінде «педагог-модераторға» /ІІ санатқа/-140, «педагог-сарапшыға» /І санат/ - 213, «педагог-зерттеушіге» /жоғары санат/ - 73, «педагог-шеберге» - 1 ұстаз. Ұлттық біліктілік тестілеуді тапсыру тілі бойынша аттестатталушылардың өз қалауы негізінде 396 педагог қазақ тілінде, ал 31 педагог орыс тілінде тапсыруды таңдады.

Тестлеудің қорытындысы бойынша тестлеуге қатысқан барлық 415 педагогтың 247-і /59,5%/ тестлеуден өтсе, 168 педагог тестлеуден өтпей қалды. Тестлеуден өткен 247 мұғалімдердің ішінде «педагог-модераторға» /ІІ санатқа/ - 66, «педагог-сарапшыға» /І санат/ - 127, «педагог-зерттеушіге» /жоғары санат/ - 53, «педагог-шеберге» - 1 ұстаз.

Қазалы ауданы бойынша 2018 жылдың жазғы демалыс кезінде  119-ға  жуық білім саласының қызметкерлері түрлі курорттық санаториялар мен шипажайларға жеңілдікпен демалып келді. Атап айтар болсақ, Көкшетау қаласындағы «Жұмбақтас» шипажайына-10, Алматы қаласы «Алтынқарғалы» шипажайына-2, Оңтүстік Қазақстан облысы «Манкент» шипажайына-1, «Сарыағаш» шипажайына-12, «Мерке» шипажайына-10, Жаңақорған ауданы «Жаңақорған» шипажайына-46, «Қамбаш» демалыс орталығына-38 педагог қызметкерлер демалды.

 

Инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 ақпандағы №81 қаулысының  2 тармағын жүзеге асыру шеңберінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларға кіріктірілген (инклюзивті) білім беру жүйесі жүзеге асырылып,  2005-2006 жылы 1 қыркүйектен бастап, Ж.Жабаев атындағы  №234  мектепте арнайы түзету сыныптары жұмыс жасауда. Арнайы түзету сыныбында биылғы оқу жылында 9 сыныпта 72 оқушы білім алуда. Сабақ беретін мұғалімдер саны-54. Облыстық және республикалық мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығының арнаулы білім жетілдіру курсынан-47 мұғалім  өткен. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 7 оқушысы 9 сыныпты бітіріп,  білімдерін колледждерде  жалғастыру  көзделіп отыр.

 

2017-2018 оқу жылында-672 бала, оның ішінде үйден оқуға шығарылғаны-80 бала, арнайы түзету сыныбына-72 бала, жалпы мектепте-265 бала білімдерін жалғастыруда.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2009 жыл 16 наурыз күнгі №4-02-4/450 санды «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға кіріктірілген (инклюзивті) білім беруді ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымның» 2-бөлімі 11- пунктіне сәйкес әрбір жалпы мектепте даму мүмкіндігі шектеулі бала саны 10-нан асқан жағдайда педагог-дефектолог  бірлігін ашу қажет делінген.

Осы нұсқаулыққа сәйкес 2015-2016 оқу жылында Қазалы ауданы бойынша №266 мектеп-лицейіне дефектолог, №249 мектеп-лицейге дефектолог, логопед, №234 мектепке  дефектолог, логопед  штаттары беріліп инклюзивті білім беруге жағдай жасап отырған мектептер үлесі 8,3 пайыз құраса,  2016-2017 оқу жылында  №216,70, 204 мектептерде дефектолог, №266 мектепке логопед   штаты беріліп, қазіргі таңда мамандар сөйлеу тілінде бұзылысы бар және оқу үлгерімінде қиындықтар келтіріп отырған оқушылармен коррекциялық жұмыстар жүргізуде. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде инклюзивті білім беруге жағдай жасап отырған мектептер үлесі 16,6 пайызды құрап отыр.      

Алдағы уақытта №№226,16,165 мектептерге дефектолог штат бірлігін беру туралы бюджеттік өтінімге ұсыным тапсырылды.

Мектепке дейінгі балаларды инклюзивті біліммен қамту мақсатында №2 «Айгөлек» б/бақшасында логопедиялық пунктте 20 бала түзеу көмегін алуда.

 

 «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында білім беруді цифрландыру екі негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылуда.

Біріншісі, мектептерде цифрлық білім беру ресурстарын толығымен пайдалану болса, екіншісі ол салада көрсетілетін  мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру.

Қазіргі ақпараттанған заманда әр оқушыға заман талабына сай әлемдік дәрежеде білімді меңгеруі үшін  жаңа технологияларды қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына жағдай туғызу қажеттілігі тұр.

 

Аудан бойынша 36 мектептің 32-і, яғни 89% кең жолақты Интернет желісіне қосылған. Аудан орталығынан шалғай орналасқан Сарыбұлақ, Ажар, Шәкен, Шилі ауылдарындағы №78, 146, 134, 259 мектептер қыркүйек айынан бастап қосылды.

«Электронды күнделік» пилоттық жобасына  15 мектеп қосылып жұмыс жасап келеді. 2018 жылдың 24 сәуірінен бастап 15 мектеп порталға тіркелу туралы өтінім жасалып, тіркелді.

 

2018 жылдан бастап "Bilim Media Group" ЖШС–нің ұсынуымен «Bilim Land» электронды порталға 31 мектеп онлайн, 5 мектеп офлайн болып қосылды (2017 жылы 17 онлайн, 19 офлайн болып қосылған).

2018 жылға «Инновациялық-интеллектуалды технология академиясы» ЖШС арқылы 2520,0 мың теңгеге www.sabak.kz порталына 34 мектепке Білім министрлігі, облыстық білім басқармасы ұйымдастырып отыратын онлайн интерактивті сабақ, онлайн конференцияларға қатысуға сертификаттар алынды.

 

"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында планшет, электрондық күнделік 230 данасын сатып алуға -   

8049,0 мың теңге, робототехника кабинеті құрал-жабдығымен 10 мектепке - 33540,0 мың теңге (2017 жылы 4 мектеп пен оқушылар үйіне – 14587,2 мың теңге), Цифрлы Қазақстан бағдарламасын дамытуға қажетті 3D модельдеу кабинетін құрал-жабдығымен сатып алуға - 4772,0 мың теңге, сандық білім беру зертханалық аспап кабинеттерінің құрал-жабдығымен сатып алуға - 6884,0 мың теңге, «BILIMBOOK» бағдарламасы бойынша мектептерге планшет сатып алуға - 9900,0 мың теңге, мектептерге компьютер сатып алуға - 4738,0 мың теңге қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

 

 

«Рухани жаңғыру: Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы

Бәсекеге қабілетті, прагматикалық, күшті, патриоттық және белсенді ұрпақты қалыптастыру үшін «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы білім және білімге құштар табысты болашақтың негізін құрайды. Келешек ұрпақ халықтың игі дәстүрінен тәлім алып, елжандылық, патриоттық қасиеттерді бойына сіңіріп өсу үшін нақ осындай бағдардың маңыздылығы зор.

 

Бөлімге қарасты білім беру үйымдарында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы оқу жылы барысында мәлімет беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттары барысында жас ерекшелігі ескеріле отырып әр сыныптарда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы кеңінен насихатталды.

«Тәрбие және білім» бағыты бойынша 2017-2018 оқу жылында  әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Тәрбие және білім» бағыты бойынша  22 аудандық деңгейде іс-шара өткізіліп, 1830 адам қамтылып отыр.

 

Инфрақұрылым және материалдық-техникалық база

2018 жылы Түктібаев ауылында орналасқан №88 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстарына, яғни жылу трубаларын жаңартуға, мектептің кіре беріс алдына жөндеу жұмыстарын жүргізуге 12963,0 мың теңге және №91 орта мектебінің терезелерін, едендері мен есіктерін (ішінара) ауыстыру мен жылу жүйесіне ішінара жөндеу жұмыстарын жүргізуге 20000,0 мың теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржыға мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, конкурс нәтижесінде №88 мектеп үшін 9374,4 мың теңгеге «Данияр 97» ЖШС-мен (18.06.2018 ж. №343), №91 мектеп үшін 13440,0 мың теңгеге «Құрылыс Бизнес и К» ЖШС-мен (13.06.2018 ж. №340) келісім-шарттар жасалды. Жөндеу жұмыстары тамыз айында аяқталатын болады.

Сонымен қатар, Әйтеке би кентіндегі №70 мектеп пен Тасарық ауылындағы №238 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары үшін жоба-сметалық құжаттарын дайындап, мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін 5673,0 мың теңге (№70 мектеп үшін – 3049,0 мың теңге, №238 мектеп үшін – 2624,0 мың теңге) бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Мектептерге жалпы білім беру пәндік кабинеттер бойынша, оның ішінде физика кабинеті бойынша 7 мектепке - 49660,0 мың теңге (2017 жылы 11200,0 мың теңге), химия кабинеті бойынша 7 мектепке - 45725,0 мың теңге, биология кабинеті бойынша 6 мектепке - 34202,0 мың теңге және интерактивті тақта құрал-жабдығымен - 44640,0 мың теңге (2017 жылы 26461,0 мың теңге) қаржы қаралды.

 

Білім беру ұйымдарына алғашқы өрт сөндіру құрал-жабдықтары мен өрт сөндіру қалқандарын алу үшін 2016 жылы 2735,0 мың теңге бөлініп, қажетті құралдармен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, 2017 жылы 6 мектепке автоматты өрт дабылы қондырғысын, 16 мектепке  найзағай қорғағыш орнату, 20 мектепке шатырды өртке қарсы сұйықтықпен өңдеу және 13 мектепке автоматты өрт дабылы қондырғысына күтім жасау жұмыстарының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге барлығы 2176,0 мың теңге қаржы бөлініп, жоба-сметалық құжаттары дайындалған.

Биылғы жылы 33 мектеп ғимаратына найзағайдан қорғау құрылғысын орнату үшін жергілікті бюджеттен 7421,5 мың теңге қаржы бөлініп отыр. Алдағы уақытта мемлекеттік конкурс жарияланып, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

bottom of page