top of page

Қаржылық заң бұзушылықтардың алдын алайық !

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығымен бекітілген Камералдық бақылау жүргізу туралы Қағидасы«Мемлекеттік аудит жәнеқаржылықбақылаутуралы»  2015 жылғы12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (әрі қарай-Заң) 14-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленіп, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның камералдық бақылауды жүргізу тәртібі айқындалған.

 

Камералдық бақылау жүргізудің мақсаты бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, мемлекеттік аудит объектісіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру және мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені төмендету болып табылады.

 

Камералдық бақылауды уәкілетті орган мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстырып тексеру жолымен, сондай-ақ тәуекелдердi басқару жүйесiн қолдану нәтижелері бойынша Заңның 14-бабының 3-тармақшасы және «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 5-тармақшасы негізінде Заңның 30-бабында және Қағидада белгіленген тәртіпте мемлекеттік аудит объектісіне бармай-ақ, тұрақты негізде жүргізеді.

 

Осыған орай,  Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан мемлекеттік сатып алу бойынша 2019 жылдың екі айында 19567 лоттар бойынша 105617525,6 мың теңгеге камералдық бақылау жасалынды.

 

Соның ішінде 163 лот бойынша 775 797,4 мың теңгеге бұзушылықтар анықталып хабарламалар жолданды. Осымен бірге мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру бойынша камералдық бақылау жүргізілуде.

 

Заңның 32-бабы 1-тармағына сәйкес хабарламаның белгіленген мерзімде орындалмауы мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен тоқтата тұруға, сондай-ақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соғады.

 

Аудит объектілерінің шығыс операцияларын тоқтату әрекеттерін қолдануға  жеткізбеу мақсатында, Қызылорда облысы бойынша  Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 12 қарашадағы  №392-V «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңымен белгіленген тәртіп сақталуы керек екендігіне Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу бойынша тапсырыс берушілерінің назарын аударады. 

 

Қызылорда    облысы    бойынша

ішкі мемлекеттік аудит департаментінің

бас маманы, мемлекеттік аудитор

Қамзаев Қайрат Шәдібекұлы 

bottom of page